BasNewsЖаңалықтар

Биыл Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған 2022 жылы әскери шеру өткізілмейді», — деп хабар таратты Қорғаныс министрлігі.

Дегенмен елімізде осы мерекелерге арналған өзге шаралар ұйымдастырылады. Мәселен ел бойынша ерлік сабақтары мен ашық есік күндерін өткізу, сондай-ақ мерекелік концерттер ұйымдастыру жоспарланған.

Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі іс-шаралар да ұмыт қалмайды.

Еліміздегі ең соңғы әскери шеру 2018 жылы 7 мамырда өткенін еске сала кетейік. Сол кездегі парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ 40-қа жуық ұшақ қатысқан еді.

Back to top button