BasNewsЖаңалықтар

Петропавлда айыппұл тұрағына қойылған 6 көлік өртеніп кетті

Петропавлда қамыс өртеніп, ол қоймаға жайылған. Өрт салдарынан алты көлік жанып, төртеуі зақымданды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«14 сәуір күні сағат 16:30-де Солтүстік 1Б көшесінде қамыс өртеніп, ол автотұрақ аумағына өткен. Өрт салдарынан алты көлік жанып, төртеуі зақымданды», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің жалпы аумағы – 15 гектар.

Ведомствода нақтыланғандай, автотұрақ «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не тиесілі.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Back to top button