BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жылу беру қашан тоқтатылатыны белгілі болды

Биыл 18 сәуірден бастап елордада үйлерге жылу беру тоқтайды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, Нұр-Сұлтанда орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасы күнтізбелік бес күн бойы +10°С және одан жоғары болса, жергілікті атқарушы орган жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды.
«Бесінші күн 17 сәуірге түсіп тұрғанын ескеріп, 18 сәуірден бастап жылуды өшіру туралы шешім қабылданды», – деп жазылған хабарламада.
Алайда әкімдік әлеуметтік нысандарға жылу берілетінін атап өтті.