BasNewsЖаңалықтар
10 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды

Кейінгі тәулікте (18 сәуір) Қазақстанда коронавирус инфекциясының 10 жаңа жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 406-ке жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 1,
- Алматы қаласында – 5,
- Шығыс Қазақстан облысында – 1,
- Қарағанды облысында – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2.
Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 16 адам коронавирус инфекциясынан айығып шықты.