BasNewsЖаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Қиратуға қатысқандарға 100 долларға дейін ақша төленген

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның өкілі қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты тың деректерді бөлісті. Оның айтуынша, Талдықорғандағы тәртіпсіздікке қатысқандарға 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төлеген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Алматы облысында «О» және «Н» есімді азаматтар анықталды. Олар Талдықорған қаласында қиратулар, азаматтардың мүліктерін жою және мемлекеттік объектілерді басып алу қатысушыларын қаржыландырған. Әрбір қиратушыға қатысқаны үшін 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төленген.

Бұл фактілер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдіктілердің жауаптарымен расталады», – дейді Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Back to top button