BasNewsЖаңалықтар

Қостанайда базардан нәрестенің мәйіті табылды

Қостанайда 37 жастағы ер адам жаңа туған нәрестені өлі күйінде тауып алған. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаментінен хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, сәуірдің 18-і күні кешкі сағат 17:00 шамасында Гоголь мен Шаяхметов көшелерінің қиылысында, «Бүркіт» базарының аумағынан нәресте салынған пакет табылған.

«37 жастағы ер адам жаңа туған нәресте салынған пакет тауып алған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жаңа туған нәрестенің өлі екенін анықтаған», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабында «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғаны нақтыланды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып жатыр.

Back to top button