BasNewsЖаңалықтар

Белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды

Mudarabah Capital қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі  Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың қатарында белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар. Күдіктілер 2 айға қамауға алынған.

«Мәселе «Mudarabah Capital» серіктестігінің қатысушылары – Ш.есімді және Т.есімді азаматтар жайлы болып отыр, оларға қатысты сот бұрын бұлтартпау шарасы ретінде «кепіл» санкциясын берген, сондай-ақ, М.есімді және К.есімді азамат, сотқа дейінгі тергеу барысында «үйқамаққа» алынған», делінген хабарламада.

«Естеріңізге сала кетейік, олар Алматы қалалық полиция Департаментінің Тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 217 бабы 3 бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Қылмыстық іс бір топ азаматтың «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларының қаржылық пирамида құру және оны басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз негізінде Алматы қалалық полиция Департаментінде тіркелді», — деді бұл туралы Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рүстем Әбдрахманов.

Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін деп қаражат тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқан. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 пайызын төлеуге міндетті болған. 162 салымшының 5 млрд теңгеден астам қаражатын «ASTEX.KZ» ЖШС «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы тартқан.

Back to top button