BasNewsЖаңалықтар
Павлодар облысындағы мектепте өрт шықты

Павлодар облысындағы мектепте алапат өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 21 сәуір сағат 08.40-та Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесінде орналасқан мектептен өрт шыққаны туралы хабар түскен. № 28 орта білім мектебінің екінші қабатынан өрт шыққан.
Өртсөндірушілер келгенге дейін 576 адам эвакуацияланған, оның 551-і оқушы. Оқиға орнына ТЖД 50 қызметкері және 12 бірлік техника, АМО ФМУ – 4 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.
https://www.instagram.com/p/CcmOvugofyB/