BasNewsЖаңалықтар

Basnews.kz командасы алға шықты

Елордада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында шағын футболдан турнир басталды. Жарысқа 18 команда қатысады. Жеңімпаз ертең белгілі болады. Бүгін топтық ойындары, ал ертең плей-офф финалы өтеді.

Қатысушылар арасында Basnews.kz пен BasSport.kz редакцияларының қызметкерлері де бар.

«В» тобында Basnews.kz жеңімпаз атағы үшін 7 арна, Астана ТВ, Қызылжар және Kazaknews журналистерімен бақ сынасады.

«D» тобында BasSport.kz, Хабар 24, Qazsport и Егемен Қазақстан командалары кездеседі.

Атап өтейік, Basnews.kz редакциясының жігіттері алғашқы ойында жеңіске жетті. Олар «Астана» телеарнасының командасымен кездесіп, 2:1 есебімен алға шығып отыр. Аталған ойында Рүстем Смағұлов пен Ғани Нүсіпов бірбір голмен танылды.

Келесі ойында BasSport.kz өз тобындағы командалардың бірімен ойнайтын болады.

Back to top button