BasNewsЖаңалықтар
Алматы – Талдықорған тас жолында жас спортшылар отырған автобус өртеніп кетті

Жол-көлік оқиғасы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылының маңында Талдықорғаннан 50 шақырым жерде болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, жас футболшылар отырған автобус сиырмен соқтығысқан. Салдарынан көлік өртеніп кеткен. Абырой болғанда жолаушылардың барлығы көліктен шығып үлгерген.
https://www.instagram.com/tv/Ccr8raEgAgH/?utm_source=ig_web_copy_link
Апатқа себеп болған малдың иесі кім екені әзірге белгісіз. Сонымен қатар жас спортшыларды тәртіп сақшылары неліктен бірге алып жүрмеді деген де сұрақ туындайды.
Оқиғаның жай-жапсарына байланысты полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге түсінік берген жоқ.