BasNewsЖаңалықтар
Күніне сегіз қазақстандық COVID-19 жұқтырды

Кейінгі тәулікте 8 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 465-ке жетті.
Коронавирус жұқтыру дерегі екі қалада тіркелді.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 1,
- Алматы қаласында – 7.
Сонымен қатар, тағы 9 адам коронавирус инфекциясынан айығып шықты:
- Алматы қаласында – 8,
- Шығыс Қазақстан облысында – 1.
Елімізде барлығы 1 290 997 адам COVID-19-дан айығып шықты.