BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды ​​облысында қарттар үйінің тұрғындарынан зейнетақы мен жәрдемақыны ұрлаған

Қарағанды облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің департаменті қарттар үйінде тұратындардың зейнетақысы мен жәрдемақысын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік мекемеде 90 адам тұрады, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.

«Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің басшысы және әлеуметтік қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпаратта.

Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Back to top button