«Жасыл белдеу»: Қарағанды облысында Жер күні ағаштар отырғызылды

Қарағанды, Балқаш және Шахтинск қалаларында Халықаралық Жер күніне орайластырылған «Жасыл белдеу» акциясы кезінде ағаштар отырғызылып, аумақтар қоқыстан тазартылды. Облыс орталығындағы Мартбек Мамраевтың бір ғана алаңынан үлкен жүк көлігімен қоқыс шығарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Акцияға балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, студенттер, еріктілер және «Аманат» партиясының облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Қарағандыда Мартбек Мамраев атындағы саябақта күміс теректің көшеттері отырғызылды. Мартбек Мамраев атындағы әскери-техникалық мектептің курсанттары мен ҚарТУ және КарУ студенттері гүлзардан жүк көлігімен қоқыс шығарылды.
Іс-шараға ҰОС Батыры Мартбек Мамраевтің жиені Қарлығаш Мамраева да қатысты.
Балқашта көшеттер отырғызу № 17 мектеп-лицей, № 1 мектеп, бірқатар балабақшалар аумағында ұйымдастырылды. Оған педагогтар, оқушылар және ата-аналар қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаланы көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуға оң ықпал етеді.
Шахтинск қаласында Халықаралық Жер күнін мерекелеу 18 сәуірде «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығынан басталды. Бір апта бойы білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, акциялар, сурет конкурстары, табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмелері және т. б. өтті.
«Қаламыздың білім беру ұйымдары үшін Жер күнін түрлі форматта өткізу игі дәстүрге айналған. Бірнеше жыл бойы бұл күні балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер, қосымша білім беру ұйымдары өз аумақтарында ғана емес, қалада да тәртіп орнатады, көшелерді, үйлерді, саябақтарды қоқыстан тазартады, ағаш отырғызады», – дейді ұйымдастырушылар.
Шахтинск қаласында Халықаралық Жер күні «Оқушылар – мектеп жасына дейінгі балаларға» жобасын жүзеге асыру басталды. Ол мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер арасындағы экологиялық тәрбие бойынша ынтымақтастықты көздейді. «Жер деп аталатын өз планетаңды сақта!» ұранымен «Жер – біздің ортақ үйіміз» деген атаумен іс-шара өтті. Балабақша аумағы ретке келтіріліп, ағаштар мен бұталар отырғызылды.
– Біздің сыныбымызбен бірге «Салтанат» балабақшасын тазалауға көмектестік. Ағаштарды, жиектерді бірге әктеп, кішкентай қарағайлар отырғыздық. Балалармен асфальтқа сурет салдық, – деді №7 ЖББМ 9 «В» сынып оқушысы Карина Серополова.
Сондай-ақ, мерекеге орай «Мектептің өзін-өзі басқаруы» жобасы бойынша оқушылар сарайы мен № 1 мектеп-гимназиясы «Таза қала – Таза планета» қалалық акциясын өткізді. Белсенді оқушылар ағаш тоғайларды тазалап, велосипед жолын қоқыстан тазртты.
– Біз Жер күніне арналған экологиялық акцияға қатыстық. Маған өте ұнады, өйткені мен табиғатқа көмектескенді ұнатамын, – деп бөлісті № 3 ЖББМ мектеп парламентінің президенті, 9 «Б» сынып оқушысы Александр Колдаев.
Қорытынды шара Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің қалалық гүлзардағы қоқысты жинау акциясы болды. Жұмыс барысында 35 қап қоқыс жиналды.