BasNewsЖаңалықтар

2022 жылдың бірінші тоқсанында жарты миллионнан астам қазақстандықтар АӘК алды

Осы жылғы қаңтар – наурыз аралығында 98,1 мың отбасындағы 503,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылғы 1-ші тоқсанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 124,5 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Back to top button