BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысында белгісіз біреу мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, зорламақ болған

Жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам әйелдің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған. Бұл туралы жәбірленуші айтып берген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.

Жәбірленуші 50-ден асқан, сотталушы – 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуыл қай ауданда болғанын әзірге құпия сақтауды сұраған. Сотта мұғалім оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берген.

Сотталушының ісі ҚР ҚК-ның 149, 107, 120-баптарының 1-бөлімдері – тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықта ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жолданған. Соңғы бап бойынша ер адам кінәсін мойындамаған. Жәбірленуші болса одан әрең құтылғанын айтқан.

Сот процесі жалғасып жатыр. Іс 12 мамырға шегерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button