BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда автокран тұрғын үйге құлап кетті

Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлды. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиғаның шынымен елордада болғанын қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

«28 сәуір күні сағат 14.26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты.

Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды. Аталған орынға өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.

Толық ақапарат алу үшін өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне хабарласу керек», – деп жазылған мәліметте.

https://www.instagram.com/p/Cc45cwcOakl/

Back to top button