BasNewsЖаңалықтар
Маңғыстау облысында шаңды дауылға байланысты жол жабылды
Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты жолда қозғалысқа шектеу қойылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Айтап айтқанда Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау автожолының 647–712 шақырымында (Шетпе-Жетібай учаскесі) көліктерге жүруге тыйым салынды. Шектеу 02.03.2022 Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.30 бастап енгізілді», -делінген Қазавтожол хабарламасында.
Ведомство штаттан тыс жағдай туындаса, «ҚазАвтоЖолдың » бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болатынын ескертті. Байланыс нөмірі: 1403