BasNewsЖаңалықтар
Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Сәби ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде орын алды. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.
«Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – деп хабарлады басқармада.
Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.