Халық пікірі: Референдум маңызды ма?
Ел Конституциясына түзетулер бойынша референдумнан кейін Конституциялық Кеңестің орнына Конституциялық Сот құрылады.
Әрбір қазақстандық, егер заңдар мен басқа да құқықтық актілер оның конституциялық құқықтарын бұзады деп есептесе, Конституциялық Сотқа жүгінуге және құқығының қорғалуына құқық алады. Азамат Конституциялық Сотқа тікелей немесе конституциялық өкілеттіктер берілетін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) арқылы жүгіне алады. Өңірлерде тұратын қазақстандықтарға ол үшін елордаға келу міндетті де емес.
Өңірлердегі азаматтар өз аймағындағы Омбудсмен кеңсесіне тікелей жүгіне алады, оның филиалдары әр облыста ашылады. Бұрын соттардың шешімдеріне, мемлекеттік органдардың нормативтік актілеріне наразы қарапайым азаматтар барлық инстанцияларға жүгінгенде оларды бір кабинеттен екінші кабинетке қуалап, олар әбден әуре-сарсаңға түсетін. Әр түрлі инстанцияларға жазылған хаттарды да нәтиже бермейтін. Осынығы барлығын ескере отырып, бүкілхалықтық референдум әрбір қазақстандық үшін және болашақ ұрпақ үшін маңызды деуге болады, өйткені ол басты өлшемі әділдік болатын құқықтық қоғам үшін негіз қалайды. Сондықтан біз Президентті қолдап, ол ұсынған реформаларға 5 маусымда өз сайлау учаскемізде дауыс беруіміз керек.