Түркістан-Жетісай: Жетісай қаласының тұрғындарын референдумды қолдауға шақырды
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы тарапынан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдауға құрылған аудандық штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Исаев Қахарбай Сансызбайұлы үгіт-насихат жұмыстарын Жетісай қаласы Сарыарқа атындағы жалпы орта мектеп ұжымына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Штаб мүшесі кездесу барысында ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың келесі кезеңі жайлы түсіндірді.
Соңғы Жолдауда Президенттің саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болатындығы туралы, барша қазақстандықтарды өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.