BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі әлеуметтік қолдау мекемелерінің жұмыстарымен танысты

Шымкентке іс-сапармен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық –демография саясаты ұлттық комиссиясының мүшесі, ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі Нәзипа Ыдырысқызы Шанаи келді.

ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі Үкіметтің «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілгендей, әр бір өңірде отбасыларға көмек пен қолдау көрсетілетін Орталықтардың ашылуы жөнінде тиісті тапсырмалардың орындалуы бойынша бірқатар жұмыстармен танысты.

Халықтың табысын арттыру – Үкіметтің барлық экономикалық саясатының жалпы мақсаты. Бағдарлама орта және ұзақ мерзімді кезеңге халық табысының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Тікелей шаралар бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған.  Жанама шаралар халықты жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлау, өзін — өзі жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібі және кәсіпкерлік кәсіпорындарының өнімділігін арттыру кезінде жәрдемдесу есебінен кірістердің өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, яғни еңбек және кәсіпкерлік кірістерді арттыруға бағытталған.

Нәзипа Ыдырысқызы бастаған топ орталықтағы көп балалы аналарға, орталық арқылы көрсетілетін қызметтермен танысты.

Жалпы, орталықта түрлі бағыттар бойынша оқу курстары бар. Атап айтқанда, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын үйретеді. Мақсат – аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы аналарға қолдау көрсету. Жыл басынан бері 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілді, яғни психологиялық, құқықтық кеңес береді. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектері туралы тыныс тіршілігімен танысып жұмысына оң баға берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button