BasNewsЖаңалықтар

Шымкент қаласында жинақы тұратын этностар

Киелі қазақ жері миллиондаған тағдырларды тоғыстырды, пана болды. Бауырмашыл қазақ халқы тоталитарлық саясаттың салқынын сезген талай жанға қайырымдылығы мен кеңпейілдігін, даналығы мен қонақжайлығын көрсетті.

Қазақ халқы паш еткен асқақ адамгершіліктің, адал ниеттің, шынайы жанашырлықтың арқасында талай ұлттың өкілдері қиын-қыстау шақтың ауыртпалығын еңсерді, қазақ жерінде өнді-өсті, бақытын тапты.

2022 жылғы мамырдағы жағдай бойынша Шымкент қаласы халқының жалпы саны 1112469 адамды құрайды. Негізгі этникалық топтар: Қазақтар – 764947 адам, өзбектер – 193161 адам, орыстар – 90872 адам, әзірбайжандар – 19246 адам, татарлар – 10386 адам.

Сонымен қатар, қалада 23 тұрғын үй массивтері мен шағын аудандар бар, онда жеке этникалық топтардың өкілдері ұзақ уақыт тұрады.

Жекелеген ұлт өкілдерінің жинақы тұратын жерлері: Сайрам, Қызылжар, Хатынкөпір, Тұрлан, Забадам, Бадам, Химфарм, Базарқақпа, Абдуллабад, 112 квартал, 1, 2 Қорғасын, Ынтымақ-1, 2 және тұрғын алаптарындағы өзбектер; әзербайжандар – Ынтымақ, Хатынкөпір, Тәуелсіздікке 20 жыл шағынаудандар мен Қаратөбе, Қарабастау; күрді – Жыланбұзған, Маятас, Тоғыс, Жасдәурен тұрғын алаптарында шоғырланған.

Этникалық топтар өкілдерінің ықшам шоғырлануы-Тарихи факторларға байланысты процесс. Жекелеген этностардың ұзақ уақыт бойы белгілі бір аумақтарда жинақы өмір сүруі өзіндік өмір салты, менталитеті, құндылық бағдарлары, мәдениеті, тілі, жеке байланыстар жүйесі және тарихи Отанымен қарым-қатынасы бар өзіндік анклавтар қалыптастырды.

Қала бойынша Шымкент қаласының әкімі бекіткен жинақы тұратын этникалық топтар өкілдерін қазақстандық қоғамның құндылықтары саласына интеграциялау жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп, табысты іске асырылуда.

Қала әкімдігінің жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын ілгерілету жөніндегі азаматтық ұстанымы Қазақстан қоғамының игілігі үшін жинақы қоныстанған этностар өкілдерін топтастыру, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі мәртебесін арттыру міндеттерін көздейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button