BasNewsЖаңалықтар
Коронавирус жұқтырған алматылық келіншек қылмыстық жауапқа тартылды

Коронавирус жұқтырған алматылық келіншек қылмыстық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды BasNews.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Коронавируспен ауыратын науқастардың бірі – азаматша Б. кез келген жағдайда санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды», – делінген хабарламада.
Алматы полициясы осы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.



