Жаңалықтар

Президент «БЖК – 2025» бағдарламасы бойынша несиенің жоғары шегі ұлғаятынын жеткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы несиенің жоғары шегі ұлғаятынын мәлім етті, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің жоғары шегі 7 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Соңғы ставка 6 пайыз болады. Салалық шектеулер алынып тасталып, басымдыққа ие тауарлардың тізімі кеңейтіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button