BasNewsЖаңалықтар

Еңбекші ауданы: Бүгінгі күнге аудан бойынша 346 көпқабатты тұрғын үй сығымдаудан өтті

Аудан аумағында 533 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. 2022-2023 ж.ж. қысқы жылу маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылды.

Аталған көпқабатты тұрғын үйлерді 10 сервистік компаниялар жылуға қосу жұмыстарын жүргізуде. Олар: «Kaz construction service-2020» ЖШС, «Теплокомсервис», «Шымкент Элит Сервис», «Nur-D», «Нұр-Арыстан» ЖШС-лары және «Молиз», «Шоманбаев» «Аскар», «Аширбеков», «УК Тепло Сервис» ЖК-рі.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 346 (65%) көпқабатты тұрғын үй сығымдаудан өтті.

Жалпы ауданда 43 мектеп орналасқан, оның ішінде 37-і мемлекеттік 6-ы жекеменшік мектептер.  Мемлекеттік 37 мектептердің ішіндегі 3 ауысымға өту қауіпі бар мектептер бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:          №38 мектепке қосымша 375 орындық, №46 мектепке 300 орындық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Ал, №65 мектепке 600 орындық ғимараттың құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында аяқталады. «Ұлағат» шағынауданынан 1200 орындық мектеп салу үшін 2,5 га болатын жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылып, мемлекеттік акт алынды. Бүгінгі таңда ЖСҚ дайындау мақсатында құрылыс басқармасы тарапынан бюджеттік өтінім берілді.   Аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттерінің бірі аудан аумағын  көріктендіру  және санитарлық  тазалықты қамтамасыз ету болып табылады.   Бүгінгі күнге осы бағытта және жылу маусымына дайындық жұмыстары қатаң бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда өткен жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды.  Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеу орын алды. Су басудың алдын-алу бойынша  бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде. Қалған 31 мекенжайға арық орнату  2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік жүйеде 86,4%,  жекеменшік жүйедегі 4,3%-ды құрайды. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Қазіргі таңда 5 елді-мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 1921 абонентке  жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» ЖШС-мен әзірленуде.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 9,3%-ды құрайтын 6149 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарда.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button