BasNews

Шымкент: Абай аудан аумағының 73,5% табиғи газ жүйесімен қамтылған

Шымкент қаласы Абай аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 2021 жылы 1 елді мекен (Алтынтөбе) табиғи газбен қамтылды.  2022 жылы 5,3 млрд.тг қаралып, 7 елді мекенде (Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас-2, Ақтас, Нұршуақ-2023 жылға өтпелі)  құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы 3 елді мекенге (Ынтымақ-2, Айкөл, Тәуелсіздікке 20 жыл) құрылыс жұмыстар жоспарлануда. 2024 жылы 1 елді мекеннің (Құрсай) жаңақұрылыс аумағы табиғи газбен қамтылатын болады.

Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 97% құрап отыр.  2020 жылы ауыз суға 1,9 млрд,тг. 9 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Олар: Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2. 2021 жылы 6,9 млрд.тг қаралып, 9 елді мекенге ауыз су берілді. Олар: Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2. 2022 жылы 5,2 млрд.тг 1 жоба (Құрсай,Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2022 жылдың соңында аяқталып, елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Оның ішінде атап өтетін мәселе Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының (жоба құны – 7,1 млрд. теңге) құрылыс жұмыстары аяқталып, 9 елді мекендерге сапалы ауыз сумен толық қамтылуда.

Абай ауданының 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. 2022 жылы 2 нысанның (Самал-3, Солтүстік-батыс) құрылыс аяқталады. Қалған елді мекендерді қамту бойынша 2022-2025 жылдары аралығында Абай ауданы аумағында 2 кәріз тазалау имараты (КОС) салыну жоспарлануда. 1-кәріз тазалау имаратынан (КОС) – 11 елді мекен орталықтандырылған кәрізбен қамтылатын  болады. Олар:  Ақниет, Қатынкөпір, Телман, Агрпром, Самал-1, Жайлау, Қорғасын-1,2, Нұршуақ, Қызылжар, Ынтымақ. 2-кәріз тазалау имаратынан (КОС) – 3 елді мекен орталықтандырылан кәрізбен қамтылатын  болады. Олар: Қазығұрт, Құрсай, Карл Маркс. Нәтижесінде, 2025 жылға дейін Абай ауданы 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.

Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 31 елді мекені (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 3 елді мекен (4%)  жеке меншік трансформаторларды пайдаланды. 2022 жылы 3 елді мекеннің (Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап) құрылыс аяқталып, сапалы электр жарығымен қамтылып, аудан аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button