BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды

Әскери-әуе күштері армия авиациясының Ми-171 тікұшақтары Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті әуеден сөндіру үшін арнайы аспа жүйесі бар Ми-171 тікұшағы пайдаланылған. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, өрт сөндіру жүйесі бар Ми-17 тікұшақтарының тағы үшеуін бөлу жоспарланған.

«Резервуарға үш мың литр су сыйады. Қазірдің өзінде 60 мың литрге жуық су төгілді. Жағдайды қою түтін қиындатып отыр», – деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Сонымен қатар, әуе шабуылы әскерлерінің жеке құрамы апат аймағына ауыстырылған. 200-ге жуық десантшы көмек көрсетеді.

«Әскери авиация ұшқыштарының тәжірибесі мол, өйткені жауынгерлік дайындық бағдарламасына жету қиын аймақтардағы өртті сөндіру бойынша жаттығулар кіреді», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button