BasNewsЖаңалықтар
Адамдар мінген аттракцион 15 метр биіктіктен құлап кетті
Үндістанда аттракцион ішіндегі адамдармен қоса15 метр биіктіктен құлады. Оқиға салдарынан 50-ден аса адам зардап шегіп, 16-сы ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі Dainik Jagran сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Пенджаб штатының Мохали қаласындағы ойын-сауық саябағында болған. Биіктіктен еркін құлауды имитациялайтын аттракцион қажетті нүктелерінде тоқтамай, адамдармен бірге жерге құлап кеткен.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кемінде 50 адам жарақат алған. Олардың 16-сы ауруханаға жеткізілді.
https://youtu.be/fRTJIMpkpIk



