BasNewsЖаңалықтар
Huawei Ресейдегі қызметкерлерін Қазақстанға жіберді
Қытайлық Huawei компаниясы Ресейдегі қызметкерлерін Қазақстан, Өзбекстан және ТМД-ның өзге елдеріне жіберді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Ведомости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ол қызметкерлердің жартысы – Қытайдағы Huawei компаниясы бөлімшелерінің басшылары мен менеджерлері жыл басында Ресейге жіберілген болатын. Бірақ ақырында өзге ТМД елдеріне жіберілді», – деді басылымның дереккөзі.
Газеттің мәліметінше, олардың көбісі «ұзақ уақыттық іссапарға» жөнелтілген.
Huawei-дің баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. Telecom Daily сараптамалық агенттігінің бас директоры Денис Кусковтың айтуынша, Қазақстанға жіберілген қызметкерлер компанияның тек бұл елдегі емес, барлық ТМД-дағы дамуына жауап береді.



