BasNewsЖаңалықтар

Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматыда таңертең жолаушыларды тасымалдауға шыққан №38 автобус жанып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жолаушылар көліктен түгел шығып үлгерген. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

«Сағат 08:27- де өрт сөндіру бөлімшелері Әуезов ауданына жұмылдырылды. Жол кептелісіне қарамай, 7 минутта Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысына келген сәтте №38 маршруттық автобустың өртенгені анықталды. Жанып жатқан автобусты сөндіру үшін жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді.

Қабылданған шаралармен сағат 08:47-де өрт ауыздықталып, 08:50-де толықтай сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,-деп мәлімдеді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button