BasNewsЖаңалықтар

Оралда дене шынықтыру сабағында студент қаза тапты

Оралда дене шынықтыру сабағында Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлы қаза тапты. Жігіттің өлімі туралы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Mой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте болған. Дене шынықтыру сабағында студент кенет есінен танып құлаған.

«Мұғалім мен медбике алғашқы көмек көрсетті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы да студентті реанимациялауға тырысты», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қанша тырысқанымен жігіт қайтыс болды. Басқарма студенттің ешқандай соққы мен жарақат алмағанын, белгісіз себеппен құлағанын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button