BasNewsЖаңалықтар

Президент Абай облысында қаза тапқан өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісін марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан өртсөндірушілерді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;
  • Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

«Ерлігі үшін» медалімен:

  • Нұрлан Сәлімжан – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, өртсөндіруші Айдос Тоғызбаев 7 қыркүйекте Абай ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button