BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысындағы ірі өрт: Орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өртіне қатысты тергеу амалдары аясында Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

“Қостанай облыстық прокуратурасы 13 қыркүйекте «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бастады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сол күні мекеме басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

«Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ведомство.

Басқа жаңалықтар

Back to top button