BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы тағы 2,5 теңгеге көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,52 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 477, 12 теңге.
Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 474, 19 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 477,5 теңге.



