BasNewsЖаңалықтар

Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Тәжікстанмен арадағы шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде болған қарулы қақтығыстың кісі өліміне әкеліп соғуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров осы сипаттағы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары төменге түсіріледі; мәдени ошақтар мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын ұйымдастырып, таратуға тыйым салынады.

Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 азамат қаза тапқан.

17 қыркүйекте таңертең Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button