BasNewsЖаңалықтар
Павлодар облысында автобус кюветке ұшып кетті: екі бала қаза тапты

Павлодар облысында балалар мінген автобус аударылып, екі бала қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі pavon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенше 6 және 14 жастағы екі бала қаза болды. Зардап шеккен тағы 9 адам – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында жедел көмек көрсетілді», – деді облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.
flashupenergy.kz
Перейти
РЕКЛАМА
Жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген.



