BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастар саны 53-ке жетті

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 21 наурыз сағат 12.00-дегі мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысы, Қарасай ауданында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратында.



