BasNewsЖаңалықтар
Елордада коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Індетке шалдыққандар саны 54-ке жетті

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлайды BasNews.kz.
ҚР Денсаулық сақта министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың 21 наурызындағы сағат 22-30-дағы жағдай бойынша тағы бір адам вирус жұқтырған. Бұл жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осымен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 54-ке жетті.
Олардың ішінде Нұр-Сұлтанда – 29, Алматыда – 22, Қарағандыда – 2, Алматы облысында 1 жағдай тіркелген.



