Новости

Шымкентте филиал төрағасы бастауыш ұйым мүшелеріне 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

Бүгін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымында өткен кездесуде 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Бүгінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамында жалпы 48 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар. Оның ішінде, 2021 жылы жаңадан 18 бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, кәсіподақ мүшелерінің саны 2020 жылмен салыстырғанда 623-ке артса, ал 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңадан 10 ұйымы ашылып, кәсіподақ мүшелерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 893 артқан.

Жалпы 48 мекемеде 3237 адам болса, оның 2719 немесе 84,0% кәсіподақ мүшелерін құрайды.

Жыл басынан бері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында 36 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымында 1527 кәсіподақ мүшесімен кездесу өткізілген.

Кезекті кездесу өткізіліп отырған Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жылғы 26 тамызда құрылып, құрамында 73 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны 29, келісім-шарт негізіндегі қызметшілер саны  44 болып, барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кірген.

Кәсіподақ төрағасы болып Тәжібаев Марат Әбдімажитұлы және хатшысы болып Жалмұрзаева Айнұр сайланып, талап деңгейінде үлгілі жұмыс.

2021 жылы алғашқы бастамада «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы арқылы 15,0 мың теңгеден 2 адамға жалпы 30,0 мың теңге көлемінде шипажай жолдамасына әлеуметтік көмек беріліп, қалған қаржы бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінен шешіліп, жыл ішінде 6 адам Сарыағаш шипажайында емделу-демалу мүмкіндігіне ие болған.

Моралдық тұрғыда ынталандыру мақсатында кәсіподақ филиалының құрамындағы кәсіподақ мүшелерінің жалпы 104 адамына марапаттар табысталса, ал материалдық тұрғыда ынталандыру мақсатында 14 адамға бағалы сыйлықтар табысталған.

Кәсіподақ филиалының ұсынысы бойынша 1 кәсіподақ мүшесіне Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, қала күні мерекесінде тапсырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button