Елімізде бір жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу 50%-ға қымбаттады
Қазақстанда бір жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу 50%-ға қымбаттады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Республика бойынша бір жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу бір жарым есеге, яғни 47,2%-ға қымбаттады.
Қыркүйек айында Қазақстанда 1 шаршы метр тұрғын үйді жалға алудың орташа мөлшері 4612 теңге, ал бір ай бұрын 4029 теңгені құрады.
«Өсім – 14,5%. Бір ай бұрынғы көрсеткіш 12,4%-ды құрады», – дейді сарапшылар.
Пәтер жалдау құны ең қымбат қала – Алматы. Бір шаршы метр үшін 5611 теңге, тамыз айында ол 4920 теңге болды. Жалға алу құны бір айда 14% – ға қымбаттаған. Сонымен қатар, Ресеймен шекаралас қалалардың пәтер жаладу бағасы бір айда шарықтаған.
«Қостанайда бір айда баға 42,6%-ға, Петропавлда 27%-ға өсті», – дейді сарапшылар.
Жалдау бағасы Түркістанда айтарлықтай өскен жоқ. Жалдау құны 0,6%-ға артты. Одан бөлек, Талдықорғанда 3,5%-ға, Шымкентте 3,9%-ға және Қызылордада 4,3%-ға қымбаттады.



