Түрікменстан басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейнеконференция форматында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев пен Түрікменстан сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевтің төрағалығымен қазақстандық-түрікмен саяси консультациялар өткені хабарланды.
Іс-шара аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасқан.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашғабатқа мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қолжеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың 2022 жылғы қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа, сондай-ақ түрікмен тарапының 6-шы АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысуына ерекше назар аударылды», – делінген хабарламада.
Консультациялардың қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жәрдемдесу үшін екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға уағдаласқа



