BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан мен Ресей шекара бөліктерін анықтауды жалғастыруда

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 3-7 қазан аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 122-ші отырысы өткенін мәлімдеді. Тараптар аумақтарды межелеу бойынша қорытынды құжаттардың жобаларын бекітуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарастыруды және бекітуді жалғастырды, 2023 жылға арналған камералдық жұмыстар жоспарын бекітті, сондай-ақ алдағы жылы далалық жұмыстар жоспарын талқылады», – делінген сенбі күнгі жарияланған құжатта.

Ал 14 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шекараны нақтылау үшін тағы екі-үш жыл қажет болуы мүмкін екенін нақтылап өткен еді.

«Ресейден басқа барлық көрші мемлекеттермен демаркация аяқталды. Бұл үшін тағы екі-үш қажет болатын шығар», – деген ол.

Айта кетейік, екі ел арасындағы шекараны бөлу туралы соңғы ресми деректер 2020 жылы жарияланған еді. Сол уақытта Қазақстанның Ресеймен мемлекеттік шекарасын демаркациялау жұмыстары 89 пайызға орындалғаны мәлім болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button