BasNewsЖаңалықтар
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы болды

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші жарақат алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«7 қазанда сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанындағы Ленинский-Курчатов автожолының 55-шақырымында 40 жастағы Нива көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етпей, жолдың оң жағында ілеспе бағытта тұрған КамАЗ 5320 автомашинасының тіркемесімен соқтығысқан», – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жол апаты салдарынан Нива көлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді.




