BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе облысында екі жүк көлігінің соқтығысынан екі жүргізуші де қаза тапты

Ақтөбе облысында екі жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-парақшасына сілтеме жасап.

9 қазан күні сағат 13.00 шамасында Shacman автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауданынан Ақтөбе қаласына келе жатып, Ақтөбе – Орынбор автожолының 67-ші шақырымында рөльді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шықты. Соның салдарынан 35 жастағы ақтөбелік жүргізушінің басқаруындағы Shacman автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button