Қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды құрайды

Жалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 пайызын құрайды.Шымкент қаласында жалпы 34 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Оның 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және 5 мемлекеттік жекешелік-әріптестігі. Осы спорт мекемелерінде 17 944 спортшымен штаттағы 925 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Аталған мекемелерде спорттың 71 түрі дамытылады. Оның ішінде 38 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері.
Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті.
Ағымдағы жылы бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары.Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, спортшылар үйінің құрылысы 100 % аяқталды. Ал ойын түрлеріне арналған үлкен спорт залдың қаңқасы (конструкциясы) тұрғызылып, қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде (50 %). Әкімшілік ғимараттың құрылыс жұмыстары 90 %-ға орындалып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 1504 орынға арналған көрермендер трубинасының құрылыс жұмыстары 80%-ға (әрлеу, шатырын жабу, орындықтарды орнату жұмыстары) орындалды. Футбол алаңының жер жұмыстары (дренаж жұмыстары-70%) орындалды. Жылу жүйесін тарту жұмыстары 50%-ға орындалды.
«Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу» құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, нысанның құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: жер төле қабырғасы 100 %-ға аяқталды. Ал үлкен спорт залдың қаңқасы көтеріліп, моналиттік регилдері мен бетон калонналары құйылуда (60 %). Инженерлік жүйелері құрылысы 70 % (су, электр т.б.), модульды жылу қазандық корпусы 100 % орындалды. Ішкі әрлеу жұмыстары 55% ға (сылақ, бояу жұмыстары) орындалды.
«Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы». Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз айында басталды. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, жер жұмыстары, ірге тасын құю жұмыстары, 1 қабат қабырғаларын кірпішпен өру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта, 2 қабат қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары (40% аяқталды) жүргізілуде.


