Жаңалықтар

МӘМС жүйесін енгізгелі жетілдіруге ақша жетпеген медициналық көмек түрлері қосымша қаржыландырылды

МӘМС жүйесін енгізгелі жетілдіруге ақша жетпеген медициналық көмек түрлері қосымша қаржыландырылды. Қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың саны артты. Олардың көбі (76%) жеке клиникалар. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын жоспарлы түрде арттыру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, дәрігерлердің орташа жалақысы 189 мың теңгеден 415 мыңға дейін, ал орта медициналық персоналдың жалақысы 120 мыңнан 230 мың теңгеге дейін өскен. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Избасарованың қатысуымен Медициналық көмекті қаржыландыру және МӘМС жүйесін жетілдіру жоспарлары бойынша өткен баспасөз жиынында мәлім болды.

МӘМС жүйесі жұмыстарын жетілдіру бойынша келесідей жоспарлар болуда. Қор жүйенің басқа қатысушыларымен – уәкілетті орган Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен және тікелей медициналық ұйымдармен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларды шешудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеуде. Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қор деперсонализацияланған айқаспалы және толассыз мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйені әзірледі және сынақтан өткізуде. Бұл, алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Екіншіден, сарапшыға медициналық көмек алатын пациенттің бағытын көруге мүмкіндік береді (учаскелік дәрігердің қабылдауынан бастап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтуға дейін).

Қордың медициналық қызметті алу фактісін растау үшін жеке верификация тетігін енгізуге ниетті екенін айтып берді. Ары қарай оны медициналық көмектің сапасын бағалау үшін де қолдануға болады. Осылайша, адамдар қандай қызметтерді алғандарын және қандай мөлшерде алғанын көретін болады, ал Қор көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу кезінде осыны ескеретін болады.

Сондай-ақ, пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы бойынша медициналық ұйымдармен бірге олардың тиімділігін арттырудың жүйелі тәсілдері пысықталуда.Өз кезегінде Мемлекет басшысының саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасы аясында бірқатар іс-шара іске асырылатынын атап өтті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шығыстарды және халықтың 15 жеңілдікті санаты үшін мемлекеттің МӘМС жарналарын қосымша қаржыландыру мәселесі пысықталады. Сондай-ақ қаражатты әкімшілендіруді оңайлату үшін және оларды тиімді пайдалану мақсатында ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржы ағындарын біріктіруді заңнамалық реттеу жасалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button