BasNewsЖаңалықтар
Путин Астанаға келді

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин іссапармен Астанаға келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Владимир Путинді әуежайда премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Путин 13 және 14 қарашада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті, ТМД басшылары кеңесінің отырысы және «Ресей-Орталық Азия саммитіне қатысады.
Айта кетейік, Владимир Путин соңғы рет Қазақстанға 2019 жылы келген.



