Нұр-Сұлтан

Елордада «Діни үдерістердегі модернизациялық аспектілер» атты семинар өтті

Елордада «Діни үдерістердегі модернизациялық аспектілер» атты семинар өтті. Шарада Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Байкен, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Н. Өтпенов, ҚР АҚДМ ДІК төрағасы Е. Нүкежанов, Парламент Мәжілінің депутаты М. Тәжмағамбетова, елордалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н. Әлмұханов қатысты.
Елордамыздың мешіт имамдарына «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттің дін саласындағы саясаты туралы құзыретті органдардың мамандары түсіндіріп берді. Семинарға 40-дан аса имам қатысты.
Семинарда мешіт имамдарына әлеуметтік желі жүргізудің қыр-сырынан сабақ өткізілді. Заманауи Social Media маманы мобилография, СММ, копирайтингтің қыр-сырын үйретті.
Шараның мақсаты мешіт имамдарының білімдерін жетілдіру, қоғамдағы діни өзекті мәселелерді талқылау, пікір алмасу.

Back to top button