BasNewsЖаңалықтар
Қор нарығында доллар бағамы 480 теңгеге жуықтады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,40 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479, 32 теңге. Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 476 теңгеден болса, сатып алу құны – 480,5 теңге.
Айта кетейік, қор нарығында АҚШ ақшасы үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.



