BasNewsЖаңалықтар

Ұлытау облысында жоғалып кеткен төрт балықшыдан хабар жетті

Ұлытау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыдан хабар келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ұлытау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«18-35-те балықшылар байланысқа шықты. Жезді ауылынан 20 км жерде көліктері бұзылған (медициналық көмекті қажет етіп отырған жоқ)»,-делінген Ұлытау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осыған дейін хабарланғанындай, 4 балықшы 13 қазанда Сәтбаев қаласынан шығып, Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылындағы Дуылғалы өзені ауданына жолға шыққан. 15 қазан күні Ұлытау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік бөліміне балықшылардың туыстарынан байланыстың үзілгені туралы хабар жеткен. Балықшылардың болуы мүмкін аумағына құтқарушылар шықты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button